Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
КЕНТІМІЗДЕ БІРНЕШЕ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫ АШЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » КЕНТІМІЗДЕ БІРНЕШЕ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫ АШЫЛДЫ

КЕНТІМІЗДЕ БІРНЕШЕ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫ АШЫЛДЫ

     Бүгінгі таңда түрлі ұлт өкілдерінің құт мекеніне айналған Мырзакент кентінде 15 617 азамат тұрады. Оларға үлкенді-кішілі 100-ге жуық дүкендер мен 30-ға жуық кафелер мен асханалар қызмет көрсетуде.
        2022 жылы ауданымызда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» негізінде бизнес-идеяларын іске асырғысы келген 224 азамат қайтарымсыз грант иегері атанған. Олар – кондитерлік өнімдер, тігін өнеркәсібі, сүт өнімдері, жартылай дайын тағамдар, нан өнімдері, қазы бургер, сыйлық түрлерін жасау, ұялы телефон әсемдеу, омарта шаруашылығы, жүннен тоқылатын өнімдер, фотостудия, көлік жабдықтарын жасау, жылыжай шаруашылығы, қуырылған балмұздақ, жиһаз жасау, компьютерлік қызмет көрсету, бухгалтерлік қызмет көрсету, дәнекерлеу ісі, мал шаруашылығы салаларында өз кәсіптерін бастаған болатын. Солардың арасында 29 жасқа дейінгі жастар, атаулы әлеуметтік көмекті алушылар, көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жұмысқа жарамды азаматтар, мүгедек бала тәрбиелеуіндегі отбасылар, асыраушысынан айырылған отбасылар бар. Бір қуантарлығы солардың арасында мырзакенттіктер де бар.
        Ал кентіміздегі экономикалық жағдайға келетін болсақ, 2022 жылдың өзінде бізде бірнеше кәсіпкерлік нысандары ашылды. Атап айтатын болсақ, С.Қожанов көшесі бойынан 2 қабатты «Имран» сауда орталығы, оның жанынан тамақтану орны, «Азамат» кафесінің жанынан бірқатар кәсіпкерлік нысандары, Өркен көшесі бойынан «Жиделі – Байсын» тойханасы, кентіміздегі орталық стадионның алдынан бір қатар кәсіпкерлік нысандары және Мадиходжаев көшесі бойынан «Ершабай» кафесі ашылды. Биылғы жылы олардың қатары жас кәсіпкерлермен толығары анық. Себебі, мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдетілген шарттармен олар 7 миллион теңгеге дейін қаржы алып, өз кәсіптерін ашу мүмкіндіктеріне ие болып отыр.
Нурсултан ТУГАЙБАЕВ,
Мырзакент кенті әкімі аппаратының кәсіпкерлікті дамыту бойынша жетекші маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1