Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
КЕЛЕЛІ КЕҢЕС ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » КЕЛЕЛІ КЕҢЕС ӨТТІ

КЕЛЕЛІ КЕҢЕС ӨТТІ

          2024 жыл 6 желтоқсан. Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағалығында, білім және ғылым және оқу -ағарту саласы министрлігі басшылығы, білім басқармалары, бөлім басшылары және мектеп директорлары қатысуында онлайн форматта кеңес өтті.
         Негізгі мақсат – бюджет қаражатын тиімді басқару, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оқу-ағарту саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою тақырыбында өрбіді. Жиында Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсенбаев баяндама жасады. Жиынды Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали жүргізіп отырды. Білім және ғылым саласындағы және де оқу-ағарту саласындағы жемқорлық тәуекелдерін анықтау және оның жолын кесу бойынша төраға орынбасары Саркулов Ұлан Серікұлы баяндама жасады.
         Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Закария Күнсұлу Дальтонқызы баяндама жасап, бюджет қаржысын тиімді басқару жөнінде өз баяндамасын оқыды. Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды болдырмау және білім саласындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы сөйледі. Жиын Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясында ЗУМ платформасы арқылы Жетісай ауданынның білім бөліміне қарасты мектеп директоралырының қатысуында қаралды.
           Жетісай ауданының білім бөлімінің жоспарына сәйкес зум платформасында кеңес аяқталғаннан кейін, күн тәртібіндегі ішкі мәселелер қаралды. «Зерде» ғылыми жобалар байқауы қорытындысы, олимпиадалар туралы әдістемелік кабинет меңгерушісі Р.Исаева таныстырды. Білім бөлімінің Алқа құрамының өзгеруіне байланысты, қайта бекіту ұсынылды, азаматтардың өтініштері е-өтініш жүйесі жұмысы жөнінде шағымдары бойынша бас маман заңгер Ж.Қадырбаев баяндады.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1