БилікСпорт

ИВАН СЕРГЕЕВИЧ ГАЙНА МАҚТААРАЛҒА АРНАЙЫ КЕЛДІ

Қаралым: 78
              ҚР Баскетбол федерациясының мемлекеттік жаттықтырушысы Иван Сергеевич Гайна Алматы қаласынан мақталы Мақтаарал ауданына арнайы ат басын бұрып, аудан әкімі Бақыт Асановтың қабылдауында болды.
             Жиын барысында Мемлекеттік жаттықтырушы мақталы өңірден көптеген мықты баскетболшылар шығып жатқанын тілге тиек етіп, ауданда спорттың осы түріне жасалып жатқан жағдай үшін аудан әкіміне өз алғысын білдірді. Ал, аудан басшысы қонаққа осы өңірдің тыныс-тірлішігі туралы таныстырып, ауданда баскетболдың дамуына тікелей атсалысып жатқан тренерлер Нұрлан Катешов пен Медет Катешовтардың  еңбегі орасан екенін жеткізді.
                Айта кетейік, Қазақстан баскетбол құрамасының 5 ойыншысы, Түркістан облысының құрамасының 80%-ы Мақтааралдың тумаларынан жасақталған. Ал, биылдың өзінде Мақтааралдың мектеп оқушыларынан құралған 5 баскетбол құрамасы ҚР-ның Чемпионы атанған. Сондай-ақ, бұған дейін халықаралық жарыстардың да чемпионы болған командаларымыз бар.   
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *