Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЗАМАНАУИ ТИІМДІ ТЕХНОЛОГИЯ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЗАМАНАУИ ТИІМДІ ТЕХНОЛОГИЯ

ЗАМАНАУИ ТИІМДІ ТЕХНОЛОГИЯ

          Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, су үнемдеу жүйелерін орнату шығындарын субсидиялау мөлшерін 50 пайыздан, 80 пайызға дейін ұлғайтты.  Бұл жеңілдік шаруалардың заманауи суару жүйелерін сатып алу, сондай-ақ соған қатысты қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ету шығындарын өтеуге көмектеседі.
        Биыл Жетісай ауданында заманауи су үнемдеу технологиясын енгізу  арқылы егістікке қажетті ағын су тапшылығын жоюға бағытталған ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Осы бағытта аудандағы Абай ауылдық округі, Жүзімдік елді мекеніндегі «Смайл» шаруа қожалығы 55 гектар жерге қытайлық компаниямен бірлесіп су үнемдеу технологиясын енгізген болатын. Жалпы инвестициялық құны 55 миллион  теңгені құрайтын жобаның ерекшелігі – ағын суды 2,5 есеге дейін үнемдеумен қатар, мол өнімге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Диқандар гектарына орта есеппен 70 центнерден өнім алуды ниеттеп отыр.
       Бүгінде Жетісай ауданында 1310 гектар жер ағын суды үнемдеу технологиясын қолданады. Жыл соңына дейін оның көлемін 2800 гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Ал облысымыз бойынша 32 мың гектарға су үнемдеу технологиясы енгізілсе, 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті 216 мың гектарға дейін арттыру көзделуде.
        Атап кетерлігі, 2030 жылдың соңына қарай ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздегі суармалы жерлердің жалпы көлемінің 50 пайыздан астамын су үнемдеу технологияларымен қамту арқылы жылына 2,1 текше шақырымға дейін су үнемдеуді жоспарлап отыр.
С.ҚУАНЫШБЕК.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1