Әлеумет

ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМ – МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

Қаралым: 32
         Асықата кентінде Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімінің жеке құрамы мен пробациялық есепте тұратын азаматтардың қатысуымен, діни сауаттылыққа қатысты жиын болып өтті.
      Бұл жиынға арнайы шақыртылған дінтанушы маман Мақсат Салиходжаев жиналғандарға бүгінгі таңда ел тұрғындары үшін діни сауаттылықтың қаншалықты маңызды екенін, оның тек ұлтаралық қатынасты ғана емес, кез-келген елде азаматтық соғыстың өртін тұтатып, оны іштен құртып жібере алатын да қатерлі күшке ие екенін түсіндіріп берді. Егер бұған немқұрайлықпен қарасақ, онда оның ақыры жақсылыққа апармайтынын Ауғанстан, Сирия, Ирак пен Ливияның бүгінгі жағдайынан мысал ретінде түсіндіріп берді.
        Содан кейін сөзге шыға отырып, мен де ел тұрғындарын жіт діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру бағытында Мемлекет басшысы мен Үкімет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап бердім. Алайда, бұл салада барлық салмақты тиісті органдарға ысырып қоюға болмайтынын, бұған өзімізде өз үлесімізді қосуымыздың керектігін айттым. Әрине, бір азаматтар қазірде дін мен мемлекет бір-бірінен тәуелсіз деуі мүмкін. Сонымен бірге еліміз зайырлы мемлекет емес пе деуі анық. Әрине солай, бірақ солай екен деп, ел аумағында жат діни ағымдарды еркінсітіп жіберуге болмайды дер едім. Бүгінде біздің республикамыз үшін сыртқы және ішкі қауіпсіздік пен ұлтаралық қатынастар қаншалықты маңызға ие болса, діни тұрақтылықта сондай маңызға ие деуге болады.
       Жиын қорытындысында залдан қойылған сауалдарға дінтанушы маман Мақсат Салиходжаев жан-жақты жауаптар берді.
Д.НАЗАРОВ,
Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысы, әділет майоры.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *