Қоғам

ЖҮРЕГІ ЖҮЗ ЖЫЛ ЖЫРЛАҒАН

Қаралым: 21
        Халқымыздың мақтан тұтар ақыны, жыр дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай, кітапханамызда барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, жас оқырмандарға арналған «Жүрегі жүз жыл жырлаған» атты мәнерлеп оқу шарасы өткізілді.
        Бұл шарадан көзделген басты мақсат – жас буынға, әсіресе мектеп оқушыларына халқымыздың мақтанышы Жамбыл Жабаевтың өлеңдерінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын жан-жақты түсіндіре отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, сондай-ақ эстетикалық патриоттық тәрбие беру болды.
        Осы мәдени шараға Ғабит Мүсірепов атындағы №53 жалпы орта мектебінен оқушылар – Ләззат Урунбай, Қазына Сәкен, Ақерке Журабай  мен т.б.   қатысты. Олар Ж.Жабаевтың өлеңдерін шебер түрде мәнерлеп оқып берді.
       Шара кезінде оқушылар өз шеберліктерін танытып, жоғары нәтижелер көрсетті. Қорытынды бөлімде жас оқырмандарға кітапханамызға жаңадан түскен кітаптар таныстырылды, үздік нәтиже көрсеткендерге  марапаттар табысталды.
Раушан АЛИМОВА,
Достық ауылдық округі, Достық ауылындағы филиал №1 кітапханасының кітапханашысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *