Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК

ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК

Жуырда Атакент ауылдық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен халқымыздың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кешін өткізді.
Сазды кеш кітапхана ұжымы мен белсенді оқырмандардардың қатысуымен санитарлық сақтық шараларын қолдана отырып өткізілді.
Ақиық ақынның өмірі мен шығармашылығын арналған кешті  кітапханашы Б.Ырыспанова жүргізіп отырды. Алдымен ол ақынның өмірі мен шығармашылығына тереңірек тоқталды.
Екінші кезекте кітапхананың тұрақты оқырмандары ақынның өлеңдерін жатқа оқып берді. Атап айтсақ  кітапхананың тұрақты оқырмандары – Еркін Жансұлу, Сапарбай  Гүлназ, Молдамұрат  Бағнұр, Сапабай Нұрасыл, Құрбан Гүлбаушандар ақынның  – «Сауығып келем», «Бақыт деген», «Үш бақытым», «Фантазия», «Отан» өлеңдерін жатқа оқыды. Ал, үшінші кезекте көпшіліктің өтінішіне байланысты менде ақынның елге танымал сүйікті  «Фариза қыз» атты өлеңін орындап бердім. Сондай-ақ,  мәдени шараға жиналғандарға «Жырлайды жүрек» атты кітап көрмесін таныстырып, библиографиялық шолу жасадым.
Кешті Атакент мәдениет үйінің меңгерушісі Қ.Ізбаева қорытындылап, бұл мәдени шараның өте жоғары деңгейде өткендігін айтып, ұйымдастырушыларға  өз алғысын білдірді.
Ә.ОРАЗБЕКОВА,
Атакент ауылдық жасөспірімдер
кітапханасының меңгерушісі. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1