Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖОМАРТ ТҮЛЕК-2021 - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ЖОМАРТ ТҮЛЕК-2021

ЖОМАРТ ТҮЛЕК-2021

          Меркі ауданында облыс әкімі Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлының бастамасымен қолға алынған «Жомарт түлек» жобасы өз жалғасын тауып, мамыр айының 29-ы күні «Жомарт түлек» жобасы өткізілді.
            Бұл жобада Меркі өңірінен түлеп ұшқан, жас ұрпаққа үлгі болатын,туған жерін көркейтуде елеулі еңбектері сіңген азаматтар мен азаматшалардың бірқатары және сол жомарт түлектерге тәлім-тәрбие берген ұлағатты ұстаздары бас қосты. Әрқайсысы өздерінің атқарған істерімен таныстырып, ізгі тілектерін білдірді. Солардың ішінде мәдениет саласынан – Мұхтар Рахманқұлов, Әріпбай Мұсапанов, білім саласынан – Мадет Қожакеев, Райхан Бостанова, танымал дизайнер – Айдархан Қалиев, жас журналист Айзада Жамақұлова және тағы басқа да азаматтар болды.
            Аудан әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатов құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің, облысымыздың, ауданымыздың көркеюіне ерекше атсалысып, оның қарқынды дамуына қомақты үлес қосып жүрген түлектеріміздің жетістіктері – бүгінгі таңда ауданымыз үшін зор мақтанышқа ие болған ұлағатты іс екенін атап өтті. Әрі осындай жобалардың жалғасуы мен жомарт түлектердің  табысты өмір жолдарын таныстыруы жас ұрпаққа үлгі болары анық,- деді.
         Іс-шараға атсалысып келген жомарт түлектерге өзінің Алғыс хаты мен «Абай жолы» 4 томдық кітабын естелік ретінде тарту етті. Осы жомарт түлектердің ұстаздары, білім ардагерлері Базаркүл Темірбайқызы, Қайнаркүл Тәттіқұлова, Райса Шабановаға да орамал тарту етіліп, Алғыс хатпен марапатталды. Кездесу барысында түлектер өз өнерлерін көрсетіп, жас ұрпаққа дұрыс бағыт беретін ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Ақерке КӨКТЕУБАЙ,
№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебі
11-сынып оқушысы.
Ақтоған ауылы, Меркі ауданы, Жамбыл облысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1