Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы АЭС салу мәселесі жайлы ұсынысын қолдау керекпіз. Оныменде, жолдаудың маңызына үңіле білгеніміз жөн.
Негізінен алғанда, жалпы халықты, халық шаруашылығын, өндіріс орындарын сапалы, арзан электр энергиясымен үзіліссіз қамтамассыз етудің маңыздылығын бір кісідей барлығымыз жақсы білеміз.
Осы тұста, Елорда төрінде 2017 жылы әлемдік деңгейде ЭКСПО көрмесі Қазақстанда «жасыл энергия» тақырыбында өткенін тілге тиек ете кеткеніміз де жөн деп санаймын өз басым. Бұл дегеніміз, ел экономикасының дамуының, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруының негізгі қозғаушы күші болып табылатын мемлекеттік маңызы бар өте бір үлкен елеулі дүние болмақ.
Енді осы маңызды тақырып аясында үндеу жасап отырған сәтте, көпшілік қауымға қадап айтарым: «Бір жұдырық болып жұмыла қолдасақ қана, іске асатын дүние бұл — дүние» дегім келеді.
«Ақылды заманның» келгенін де көріп, біліп жүрміз. Жоғарыда айтқан сөзімнің айғағындай бұл дүние — соның бастауы.
Атаева Мейрамгүл Балабайқызы,
«Абай облысы Бородулиха ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының» басшысы.