Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Warning: Undefined array key "tie_sidebar_pos" in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

Warning: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Түркістан облысы, Төлеби ауданында ұлттық спорт ойындарының 7 түрінен ұйымдастырылған «Көшпенділер ойыны» өз мәресіне жетті. Байрақты бәсеке ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы мен Төлеби ауданың 90 жылдығы мерекесіне орай өтті.
Жамбы ату, теңге ілу, өгіз көтеру, аударыспақ, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, арқан тартыстан жүйрік атанғандарды облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Төле би ауданының әкімі Төлеген Тұртайұлы мен аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы құттықтап, сыйлықтарды табыстады.

Облыстық 17 дербес қалалар мен аудандар қатысқан дүбірлі додада Жетісай ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ жасақтаған құрама үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтқанда, өгіз көтеру бойынша орталықтың қызметкері Дербіс Оралхан алтынға қол жеткізсе, Мұхамметжан Шымырбай жамбы ату сайысы бойынша қарсыластарын қапы қалдырды. Қоржындағы қос алтын есебінен Жетісай жастары жүлделі 3 орынға табан тіреп, арнайы диплом мен қаржылай 150 мың теңге жүлдеге ие болды.

Жалпы командалық есеп бойыншы 200 мың теңге жүлде қоры мен 2- орынды Сарығаш ауданы иемденсе, 1 орын мен қаржылай 300 мың теңге Төлеби ауданының жастарына бұйырды.

«Жастар — егемен еліміздің болашағы. Мемлекет тарапынан жастарды қолдау үшін көптеген жобалар іске асуда. Соның бірі бүгінгі дода. Облысымыздың барлық аймағынан келген жалынды жастары бір-бірімен танысып, достық қарым-қатынасын нығайтуда.
Осы сайыста жастарымыздың жігері мен табандылығының арқасында ауданымыз үздіктер қатарынан көрінді. Әрине, жалпы командалық есепте жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз болғымыз келіп еді. Бұйыртса келесі жылы жақсы дайындықпен келеміз» деді аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Нұрлыбек Мутаев.

Айта кетейік, сайысқа қатысқан барлық командаларға 50 мың теңгеден ақшалай ынталандыру сыйлығы табысталды.

Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1