Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

        Жетісай ауданының жұртшылығы да Республика күні мерекесін жоғары дәрежеде атап өтті. Салтанатты мереке аясында Қарақай ауылдық округіне қарасты  Қ.Сәтпаев елді мекеніндегі мәдениет және спорт кешені пайдалануға берілді.
        1986 жылы қолданысқа берілгелі жөндеу көрмеген мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылдың мамыр айында басталып, 2679,1 шаршы метр аумаққа жүргізілген жөндеу жұмыстарының жалпы құны 691 млн. 445 мың теңгені құраған. Өндірістік кестеге мәйкес келесі жылы қолданысқа берілуі тиіс болған мәдениет үйін «Намыс» ЖШС мердігер мекемесі биыл аяқтап, ел игілігіне тапсырып отыр.
        Қолөнер бұйымдары мен кітап, сурет көрмесі жұртшылық назарына ұсынылған мерекелік шараға аудан әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы, еңбек ардагерлері мен жергілікті тұрғындар, құқық қорғау органдарының өкілдері мен жергілікті мәслихат депутаттары, БАҚ пен зиялы қауым өкілдері, сан саланың үздіктері қатысты.
      Жаңартылған кешенде мәдениет үйінің қызметкерлерімен қатар ауылдық кітапхана, спорттың волейбол, футбол және шахмат, тоғызқұмалақ, бокс пен қазақ, еркін күрес, ән, күй, би үйірмелері жұмыс істейтін болады.
          Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов осы мәдениет үйін аралап, жұмысымен танысып, үйірмелердің қатысушыларымен тілдесіп, аудан тұрғындары мен қонақтарын Республика күнімен құттықтады. Сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар жандар марапатталды.
         Мемлекеттік тарихымыздың мерейлі мерекесі болып табылатын Республика күні мерекесінің салтанатты бөлімінен соң аудан өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасы көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әннен шашу шашылып, күмбірлеген күй Жетісай аспанын ұлттық құндылықтармен көмкерді.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1