ҚоғамСаясат

ЖЕТІСАЙЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қаралым: 40
      ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 5 маусым күні өтетін жалпы халықтық Референдумды қолдау мақсатында Жетісай аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткізілген пленумда түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
        Осы жиынның барысында ардагерлер жеке-жеке өз ойларымен бөлісіп, бұл референдумның басты артықшылықтарын айтып өтті. Ардагерлерге Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгертудің елдің ойын еркін әрі ашық білдіруінің айқын көрінісі екендігін, мемлекет басшысының бастамаларындағы саяси тың реформаларды жүзеге асырудың, билік институттары арасындағы конституциялық құрылымды жетілдірудің тиімді тәсілі екенін түсіндірілді.
           Сонымен қатар, ауылдық жерлерде, және кенттерде рефрендумды кеңінен насихаттау тапсырылды. Жиын соңында аудандық ардагерлерден құралған ақпараттық-насихаттық штаб құрылып, мүшелері бекітілді. Алдағы уақытта ардагерлерден құралған қоғамдық штаб әр елдімекен бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізетін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *