Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР КЕЗЕКТІ 3 ҰПАЙДЫ ЕНШІЛЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР КЕЗЕКТІ 3 ҰПАЙДЫ ЕНШІЛЕДІ

ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР КЕЗЕКТІ 3 ҰПАЙДЫ ЕНШІЛЕДІ

        Бүгін жергілікті «Жетісай» футбол клубы өз алаңында Павлодардың «Екібастұз» командасын қабылдап, жасыл алаңда басымдық танытып жанкүйерлерін кезекті жеңісімен қуантты.
       Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, аудандық мәслихат депутаты Елдос Ахметов жергілікті командаға жанкүйерлік жасап, жасыл алаңда қолдау көрсетіп ойынды тамашалады.
          Төрешінің ысқырығымен басталған бірінші таймның өзінде-ақ қарсыластың қақпасына қарша бораған шабуылдар қонақтарды тактикасынан жаңылдырып, қорғанысты күшейтуге мәжбүрледі. Дегенмен, Ерлан Шойтымовтың жолбарыстары павлодарлықтардың қорғанысын бұзып өтіп, 16-шы минутта 22 нөмерлі сұрмерген Ернар Қоспайевтың салған алғашқы голы есепті ашты. Сөйтті де, қонақжайлылық танытып шабуылды бәсеңдетті. Жасыл алаңда қарсылас болса да шынайы өмірде әріптес санайтын «Екібастұз» ойыншыларына таразы басын теңестіруге мүмкіндік берген алаң иелері шабуылды ұйымдастырғанымен соңына дейін жеткізбей бірінші таймды тәмамдады. Алғашқы 45 минутта есеп 1:0, өзгермеді.
           Кездесудің 54-ші минутында, яғни, екінші таймның басында 20 нөмірлі бомбардир Рамазан Абылайхан қарсыластарын ширатып алғысы келді ме, есепті еселеп екінші голды соқты. Ширек ғасырға жуық уақыт бұрын негізі қаланған клубтың ойыншысы намысқа тырысып кездесудің 57-ші минутында есепті қысқартқанымен, 4 минуттан соң алаңда атой салған «Жетісай» командасының тағы бір сұрмергені 21 нөмерлі Әділет Омарбектың голы есепті 3:1 жеткізді. Әйтсе де, кездесудің негізгі уақытының 73-ші минутында «Екібастұз» клубының ойыншысы Карам Сұлтанов есепті тағы қысқартты.
          Күннің ыстығына қарамай 90 минут бойы жасыл алаңда көрерменге тартысты әрі қызықты ойын сыйлаған қос команда арасындағы кездесудің қорытындысы осыдан кейін өзгермеді. Ойын 3:2 есебімен жетісайлық жігіттердің пайдасына шешілді.
           Осылайша кезекті 3 ұпайды қанжығасына байлаған жерлестеріміз 1XBET QFL Бірінші лигасының турнир кестесінде ІІІ орынға тұрақтады. Келесі кездесуін сырт алаңда 22-тамыз күні Ақтаудың «Каспий» командасына қарсы өткізетін болады.
Бауыржан НАЙМАНОВ. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1