Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖЕТІСАЙДА ТОҚЫМА ФАБРИКАСЫ САЛЫНАТЫН БОЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » ЖЕТІСАЙДА ТОҚЫМА ФАБРИКАСЫ САЛЫНАТЫН БОЛДЫ

ЖЕТІСАЙДА ТОҚЫМА ФАБРИКАСЫ САЛЫНАТЫН БОЛДЫ

          Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов таяу уақытта ауданда тоқыма фабрикасы салынатын мәлімдеді.
         –Ауданда жаңа өндірістік кәсіпорындарды ашу мақсатында индустриалды аймақ пен шағын өндірістік парк құру үшін арнайы жер белгіленді. Қазіргі таңда тиісті құжаттары рәсімделуде. Бұдан бөлек, өзбекстандық инвестормен бірлесіп тоқыма фабрикасын салу жұмысы жүріп жатыр. Бұл мақсатта Асық ата кентінен 5 га жер бөлініп, бірлескен «TST GROUP» компаниясы құрылды. Инвесторға өнеркәсіпті даму қоры арқылы 7,6 млрд теңге жеңілдетілген несие беру қарастырылуда. Сонымен қатар, ресейлік инвестормен бірге жоңышқа грануласын өндіру және өзбекстандық инвестормен бірлесе жібек жібі мен қант өндірістерін құру жобалары бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Аталған жобаларды жүзеге асыру арқылы 2025 жылға дейін қосымша 4 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ауданда биылғы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің жалпы көлемі 69,2 млрд теңгені құраған. Сондай-ақ, 321 шаруақожалық иелері 1 236 гектар жерден екі рет өнім алу жобасын іске асырған. Одан бөлек, ауданда мақта жинау науқаны жүргізілуде. Бүгінгі күнге 117 мың тонна өнім жиналған. Сондай-ақ, биыл 9 айда
         Инфрақұрылыммен қамту бойынша қазіргі таңда ауданда 2 газ таратушы станция құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін ауданды газбен қамту көрсеткіші 60%-ға жетпек. Сонымен қатар, 2023 жылы аудан бойынша жалпы 70,5 шақырымды құрайтын 104 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда елді мекендердегі ішкі көшелердің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 60%-ды құрап отыр-деді аудан Серік Мамытов.
          Бір айта кетерлігі «Еңбек» бағдарламасы аясында ауданда биыл 9 айда 10 327 адам жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» тапсырмасы аясында 2 мыңнан астам жұмыс орындары ашылса, ауданның негізгі капиталына 16,6 млрд теңге инвестиция салынған. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 21 мыңнан асып, олардың өндірген өнім көлемі 26,5 млрд. теңгеге жеткен.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1