Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖЕТІСАЙДА ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАЙТА ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ЖЕТІСАЙДА ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАЙТА ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

ЖЕТІСАЙДА ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАЙТА ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

         Негізгі табысын диханшылық жасап табатын жетісайлық жер емген жұртшылық үшін сепкен тұқым мен еккен көшеттің өнімді, бағаның жоғары болып шығынды толықтай жапқаны аса қажет. Өйткені, той-томалағы мен алдағы атқарылар жоспардың бәрі де Жер-Ананың жомарттығына тікелей байланысты болмақ.
         Әдетте ауыл азаматтары егістік алқапқа бір емес, бірнеше дақылдың тұқым себуге, бір жерден бір жылда бірнеше өнім алуға машықтанып келеді. Ол да болса тауар сұранысына қарай кеткен шығынды ақтап, табысқа қол жеткізудің бір тәсілі.
         Жетісай ауданына қарасты Абай ауылдық округінің Жүзімдік елді мекенінде орналасқан «Махарам» шаруа қожалығының төрағасы Махарам Нифталиев егістік алқабына бірнеше дақылды өсіруді қолға шаруалардың бірі.
         2004 жылы негізі қаланған қожалықтың иелігінде бүгінде 86 гектар жер бар. 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
        Биылғы жылы 43 гектарға егілген қауыннан 129 тонна, 7 гектарға егілген жаңа жүзімнен 70 тонна өнім алған қожалық жүзімді көршілес аудандармен қатар Түркістан, Шымкен қалаларына көтерме баға 220 теңгеден сатуда. Ең алғаш осыдан 10 жыл бұрын жүзім шаруашылығын қолға алған Махарам Нифталиевтың өз алушылары бар. Ешқандай дәрі-дәрмексіз табиғи таза өнімге деген сұраныс та жоғары. Одан бөлек мақта, жүгері мен жоңышқа егетін қожалықтың еншісінде 1500 бас ұсақ мал мен 30 бас мүйізді қара, 17 дана ауыл шаруашылығы техникалары бар.
         «Мүмкіндігінше өзімізді-өзіміз қамтамасыз етсек дейміз. Сол үшін де егістікке қажетті техникалардың санын арттырып, мал шаруашылығын қоса дамытуды қолға алып отырмыз.
Қаражат қажет болғанда малдарымызды сатамыз, пайдамызға мал аламыз, техникаларымызды жаңартамыз. Алдағы уақытта мемлекеттік гранттарға қатысып, шикізатты қайта өңдеу ісін қолға алсақ па деген жоспарымыз да жоқ емес» дейді қожалық төрағасы Махарам Сафарұлы.
         Жалпы егістік жер көлемі 2434,3 гектарды құрайтын Абай ауылдық округінде биылғы жылы 457 гектарға мақта, 310,9 гектарға қырыққабат, болгар бұрышы, баклажан, қызанақ, қияр сынды көкөністер егілген. 1132,1 гектарға пленка астындағы, ал, 100 гектар ашық топыраққа егілген қауыннан 53 996 тонна, 112 гектарға пленка астына егілген қарбыздан 3435 тонна өнім алынған. Сонымен қатар, 128,8 гектарға егілген көпжылдық жүзімнен 1045 тонна өнім алынып отыр.
        Мәлімет үшін айта кетейік, ауданда бүгінгі таңда 448 гектар алқапқа жүзімнің Аркадия, Лидия, Байқоңыр, Кодрянка, Академик, Велес, Дубовский сынды сорттары және 338 гектарға жеміс-жидек дақылдары егіліп, аталған дақылдардан өнім жинау науқаны қызу жүргізілуде.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1