Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖАҢА MEDIA CLUB АШЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ЖАҢА MEDIA CLUB АШЫЛДЫ

ЖАҢА MEDIA CLUB АШЫЛДЫ

КАЗГЮУ Университетінде MEDIA CLUB ашылды. Клуб журналистер, баспасөз қызметкерлері, PR-мамандары, дипломат, пікірсайысшы, қоғам белсенділері, сарапшылар мен блогерлер бас қосатын алаңға айналмақ.

Алдағы уақытта отандық медиа саласында қызмет етіп жүрген мамандар Университетке келіп, бір-бірімен тәжірибе алмасады. Кәсіби біліктілігін арттырып, бейресми кездесулерге қатысады. Сондай-ақ Университет тарапынан берілетін мүмкіндіктерді пайдалану арқылы шығармашылықтарын дамытып, өзара байланысты орнатады. MEDIA CLUB ашылу салтанатында М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы сарапшылар мен журналистер арасында құқықтық, әлеуметтік-экономикалық диалог құрылатынын айтты.

«Журналистердің кәсіби деңгейін көтеру бүкіл ел үшін қажет. Журналист жақсыны жаман десе халық соған сенеді, жаманды жақсы десе де иланады. Сондықтан журналистің алдымен адал, сосын сауатты болуы маңызды. Сәйкесінше біз әлеуметтік жауапкершілігімізді түсіне отырып, университет тарапынан журналистерді кәсіби тұрғыда жетілдіру бағыты бойынша көмектесеміз»,- дейді Талғат Нәрікбаев.

Аталған университет елімізде салалық журналистиканы дамытуды қолға алды. Шет елдің жоғары оқу орындарын бітірген университет профессорлары БАҚ өкілдерінің заң, құқық, әлеуметтану, экономика және қаржы салалары бойынша білімін жетілдіруге көмектесуде. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған оқыту курсына өңірлерден, Нұр-Сұлтан қаласынан журналистер қатысып, бүгін Университет басшылығының марапатын алды.

«КАЗГЮУ Университеті MEDIA CLUB аясында
журналистер үшін «ZAN & MEDIA» деп аталатын арнайы үш күндік курс ұйымдастырды. Бұл тұрақты түрде жалғасын табады. Дамыған елдерде журналист бір ғана салаға маманданады.
Біздің мақсатымыз — Қазақстанда салалық журналистиканы дамытуға өзіндік үлесімізді қосу»,-дейді Басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан.

Бүгін клубтың жарғысын дайындау бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Университет басшылығы медиа саласына қатысы бар барша маманды клуб мүшелігіне шақырады.

КАЗГЮУ Университеті баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1