ӘдебиетПоэзия

ЖАҚЫН ТАУДЫҢ БИІГІ БІЛІНБЕЙДІ

Қаралым: 20
Ақ жүрегін жігіттің қараламан,
Қалжың айтып жүрегін жараламан.
Көңіл шіркін нәп нәзік ақын жанды,
Біле-білсең құрдастар дара бағаң.

 

Әзіліміз жарасып қалжыңдаймыз,
Нағыз доспен сырласып жарқылдаймыз.
Сыйластықтың уығын мықты қадап,
Көмек болса дос үшін тартынбаймыз.

 

Жақын таудың биігі білінбейді,
Арыстаны жігіттің көрінбейді.,
Жау шапқанда еліне атқа мініп,
Ел қорғаны болумен сүрінбейді.

 

Ата-ананы бағатын әділетті,
Ұрпағым бар алдымда қасиетті.
Ұрпағым бар ұрандап шабалатын,
Бас бәйге алып көрсетер құдіретті.
Марат  МАЙБОЛДИЕВ,
  Атырау облысы, Май көмген ауылы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *