NewsPRESS RELEASEҚоғамЭкология

«Жасыл челлендж» шарасы қасиетті Түркістан жерінде

Қаралым: 52
         Бүгін, 26 қазанда Түркістан облысының мектептерінде «Green challenge» ағаш отырғызу республикалық шарасы өтті.
         Қазақстанның экологиялық қорының бастамасымен экошара Түркістан қаласының Мырзахан Пошанов атындағы №21 мектебінде және Кентау қаласының Ы.Алтынсарин атындағы №1 қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы мектеп-гимназиясында ұйымдастырылды.
Аталмыш шара Республика күні мерекесіне орайластырылды. Экошараға облыстық Білім басқармасының өкілдері, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығыныңмамандары, Қазақстанның экологиялық қоры мүшелері, мектеп ұжымы мен оқушылары сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысты.
         Ең алғаш челлендж 2022 жылғы Жеңіс күні қарсаңында Астана қаласының №43 қосымша білім беру мектебінен бастау алған болатын. Маңғыстау, Павлодар облыстарында жалғасын тауып енді киелі Түркістанға жетті.

         Қазақстанның экологиялық қорының президенті Айгүл Абдуалиеваның айтуынша, биыл елімізде «Жасыл челлендж» шарасы аясында мыңнан астам табиғат жанашырлары қатысып, еліміздің түкпір-түкпірінде 500-ден астам ағаш түбі отырғызылды.
         Айта кетейік, ағаш отырғызу республикалық шарасы «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» гранттық жобасы аясында ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен өткізіуде.
         Мемлекет басшысы өз Жолдауында экология мәселесіне аса мән береді. Сондай-ақ, өңірлерге барған сапарында жастармен өткен кездесуінде бұл тақырыптқа ерекше тоқталды.
Жас буынды «Жасыл челлендж» секілді шараларға көптеп баулу болашақта табиғат жанашырларының көбейюіне және жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға көмегі көп.
Меруерт АБДАЛИЕВА.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *