NewsPRESS RELEASEӘлеуметЖас буынРуханият

ЖАСТАР «УКАША АТА КЕСЕНЕСІНЕ» ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Қаралым: 23
          Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгi «Азаматтық бастамаларды колдау орталығы» КЕАҚ тапсырысымен «Даналық» қоғамдық қорының «Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн сақтаудағы нақты мәселелерді шешуге бағытталған «Birgemiz: Asyl Mura» жалпы ұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауына қатысқан Түркістан облыстық «Жігерлі ел» қоғамдық бірлестігі,  «Тарихта танымал — Укаша ата кесенесі» тақырыбында шағын грант иегері атанған болатын.

            Тазалық табалдырықтан басталады дегендей, алдымен қасиетті кесененің айналасын таза ұстауға айырықша мән берілді. Себебі, тазалық тек денсаулық кепілі ғана емес, сонымен бірге мәдениеттіліктің бастауы болып табылады.
          Сондықтан да, осы жоба аясында Укаша ата кесенесіне екі қоқыс жәшігі қойылып, тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл игі шараға  сонымен бірге ерікті жастар да  белсене қатысып, өз үлестерін қосты.

 

          Кесене шырақшысы жастардың осындай бастамашыл игі ісіне алғысын білдіріп, оларға Укаша атаның тарихын баяндады. Бұл жобаның мақсаты да жастарды мәдениеттілікке, тарихи-құнды орындарды қастерлеу мен ұлықтауға тәрбиелеу, киелі жерлерді абаттандыруға баулу болып табылған еді. Соның арқасында кесене айналасын жасыл — желекке орау арқылы, зиярат етіп келушілерге салқын орын, таза ауа сыйлау көзделді.
Ақмарал ӘБДІНӘБИЕВА.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *