БилікСаясат

ЖАСТАР БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖАСАДЫ

Қаралым: 113
            Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Сейт Ескермесұлы Мақтаарал ауданында болды.
               Іс-сапары барысында Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтаарал аграрлық колледжіне барды. Колледж студенттерінің жатақханасымен, ондағы студенттерге жасалған жағдайлармен танысты. Студенттермен кездесіп, еркін форматта әңгімелесті.
          Мемлекет басшысының жастарға білдірген сенімі бүгінде толықтай ақталып, болашаққа бек сеніммен қадам басқан әрбір бастамасын, жоспарлары мен мемлекеттік бағдарламалар аясындағы қабілеттерін қолдау, жастардың қоғамдағы, әлемдік ахуалдағы карантиндік режим кезеңінде атқаратын іс-шаралар жоспары мен міндеттемелеріне тоқталған орталық басшысының орынбасары қойылған сұрақтарға жауап берді.
             Жиын барысында колледж студенттері бүгінгі ел жастарына жасалып жатқан жағдайлар – білім мен ғылым, кәсіпкерлік, спорт пен мәдениет, әлеуметтік, IT саласымен қатар басқа да бағыттардағы мол мүмкіндіктер жайында сөз қозғап, мемлекет артқан сенімге қандай іс-әрекетпен жауап береміз деген сұрақ аясында пікір алмасты.
             «Жастар – еліміздің болашағы. Ел ертеңінің қандай болуы жастарымызға тікелей байланысты болғандықтан олардың жан-жақты сауаттылығы, білімі мен біліктілігінің жоғары болуы, саяси, мәдени жетілген қоғамның белсенді азаматы болуы өте маңызды.    Алдағы уақытта артылған сенім үдесінен шығып, ел жастарының жағдайының бұдан да жақсаруына үлестеріңізді қосып, аянбай еңбек етесіздер деп сенім білдіремін» деді Сейт Ескермесұлы.
             Кездесу соңында елдегі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда және насихаттауда өзіндік үлесі бар білім ордасында алдағы уақытта облыстық деңгейде ауқымды іс-шара ұйымдастыруға уағдаласты. Шараға Түркістан облысының аудан, қалаларынан үміт пен сенімнің жүгін арқалап, ел еңсесін көтеруге өз үлестерін қосып жүрген белсенді жастар шақырылатын болады.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Мақтаарал ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *