Қараша айының соңында Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады-деп хабарлайды Қазгидромет.
Ол өзімен бірге қар әкеледі, жекелеген өңірлерде қалың қар, сондай-ақ көктайғақ, бұрқасын және желдің күшеюі күтіледі. Алайда, кезеңнің ортасынан бастап ауа райын кең антициклон анықтай бастайды, онымен жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының төмендеуі күтілуде екен. Сондықтан ұзақ сапарға шыққанда сақтық шараларын ұмытпау керектігі ескертілуде.
Естеріңізде болса, еліміздің төтенше қызметі ауа-райының қолайсыздығына байланысты 28 қараша күні сағат 20.00-де “Алматы-Термез-Ташкент” автотрассаның 160−238 шақырымы (Қордай асуында) жүк көліктері үшін жабылғанын хабарлаған болатын.