Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖАЗАРЫМ БАР, ЖАЗАМ ӨЛЕҢ ТОҚТАМАН... - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әдебиет » ЖАЗАРЫМ БАР, ЖАЗАМ ӨЛЕҢ ТОҚТАМАН…

ЖАЗАРЫМ БАР, ЖАЗАМ ӨЛЕҢ ТОҚТАМАН…

              «ЦИКЛ  ӨЛЕҢДЕР»

І өлең
Таттың ойдың ащысын да, тұшысын,
Тіршіліктің көріп түрлі ныспысын.
Тайталастық жеңдік кейде жеңілдік,
Шалса дағы бойды кейде ілкіс үн.

 

Солай болды өмір үшін  тайталас,
Кеңейетін кезде болды арқа бас.
Жақсы оймен, жақсы сезім ұштасып,
Той думанда кезі келсе тарқамас

 

 

Салмақты қарт бола алдық па кім білсін?
Жарасады таза шықса шын күлкің.
Ақсақалы аталдық па ауылдың,
Айыра білген салмақты ойдың түр түсін.

 

Шешім тапса маңызды ойдың салмағы,
Бақытымның шырағы алдан жанғаны.
Тәтті ғұмыр кешу қолдан келмесе,
Сүрген ғұмыр мағынасыз болғаны!

 

  ІІ өлең
Кешір мені, кешір жаным түсінем,
Мен де пенде, қате кетсе ісімнен.
Күзетемін,түзелемін сен маған,
Кешем күйді елім, жұртым үшін мен.

 

Кешір мені артық кетсем сабазым,
Іске аспаса шимайлаған қағазым.
Кешір мені кешіріндер сырлас достарым,
Таусылмайды сендер үшін жазарым.

 

Кешір мені ойларыңнан шықпасам,
Кешір мені ояу жүрмей ұйықтасам.
Мен бәрібір шындық үшін алысам,
Жақсылармен ой бөлісіп шыңды асам.
  
         
   ІІІ өлең
Жазарым бар, жазам өлең тоқтаман!
Бойда барды ойда барды ақтарам.
Ақ параққа аппақ ойды ағытып,
Сабыр сақтап жалған ойдан сақтанам.

 

Қартайсамда ойым сергек ашық ой,
Көңіл сергек бойды билеп тасыды ой.
Кейде мұңлы шықса өлеңім кешір дос,
Бұл да болса сағыныштың жасы ғой.

 

Солай жаным өлең менің серігім,
Қыздырамда шаттық ойдың көрігін.
Өлеңім мен, өнерім мен марқаям,
Сәтті оймен жырға айналып өмірім.
                                            Тұрды ӘЛСЕЙІТ,
Ақын.    Атакент кенті.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1