NewsPRESS RELEASEАнонсыБилікСаясат

«Е-ҚЫЗМЕТ» ЖҮЙЕСІ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қаралым: 27
          ҚР Мемлекеттік қызметістері Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Е.Жолбарыс «Е-қызмет» жүйесі туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында, Түркістан облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің және аудан/қалалардың мемлекеттік кірістер басқармаларының Персоналға жауапты қызметшілерінің қатысуында кездесу өткізді.   
         «Е-қызмет» жүйесі персоналды басқару қызметін дамыту мен жетілдіруге, кадрлық жұмысты тиімді орындауға, онлайн режимде мемлекеттік қызметкерлер туралы толық ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
        Осы ретте, «Е-қызмет» жүйесінің жұмысын жандандырып, автоматты режимде рәсімделген құжаттар үлесін арттыру мақсатында, мемлекеттік қызметкерлерге қатысты тиісті мәліметтерді уақытылы және сапалы енгізіп отыру мәселелері қарастырылды.
       Кездесу барысында, аталған жүйенің маңыздылығы «Е-қызмет» жүйесі арқылы түсіндіріліп, тәжірибелік, әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері  агенттігінің
Түркістан облысы бойынша департаменті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *