Әлеумет

ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН ЖАН

Қаралым: 29
         Соғыс жылдарында осындай ұранмен тылда еңбек еткен ардагерлердің ерлігі ерен. Солардың бірі Мақтаарал ауданы Жамбыл ауыл әкімдігінің тұрғыны Дариха Оспанова апа.
                Дариха Оспанова апа соғыс басталғанда небәрі 5 жаста екен. Қиын кезеңде әкесінен ерте айрылған ол, анасына қолқанат болып еңбекке ерте араласуына тура келіпті. Дариха апамыз 1944-45 жылдары қазіргі Достық каналының құрылысында жүрген үлкендерге өолғабыс болыпты. Одан соң 1946 жылы қазіргі Бірлік ауыл әкімшілігі егістік алқабында, ал 1950 жылдан Жамбыл ауыл әкімшілігінде зейнет жасына келгенше аянбай еңбек жасады. Бірақ осы уақытқа дейін кейбір себептермен «Тыл ардагері» атағын ала алмай келеді екен.
           Жуырда Дариха апа Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұргүл Пердебайқызы өткізген қоғамдық қабылдауында болып осы бір мәселенің оң шешімін тауып беруіне ықпал жасауын сұраған болатын.
   Апамыздың соғыс   жылдарындағы еткен еңбектеріне қатысты арызы заң аясында  оң шешімін табылып «Тыл ардагері» деген атағына ие болды. Өтініші елеусіз қалмағаны үшін Дариха апамыз Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұргүл Пердебайқызына өз алғысын білдірді.
         Ел басына күн туған шақта нардың жүгін арқалаған қаршадай қыз бүгінде бейнеттің зейнетін көріп отырған қазыналы қарияға айналған. Отан алдындағы парызын адал атқарған апа жас ұрпаққа өсиетін айтып, батасын беріп, соғыстан кейінгі жылдарынан мына бір бейбіт заманға тәнті болатынын айтты. Жастарды осы тыныш, жайлы заманның қадірін білуге шақырды.
Қалмұрат ДӘУЛЕТБАЕВ, 
журналист.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *