ЕНДІ ТӨЛЕМГЕ ӨТІНІШ БЕРУ ҮШІН КӨПТЕГЕН АНЫҚТАМАЛАРДЫ ЖИНАУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ
Автор: ҚалмұратҚаралым: 21
EGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасында мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша жаңа қызмет қолжетімді. Енді төлемге өтініш беру үшін көптеген анықтамаларды жинаудың қажеті жоқ.
Жаңа қызметтің ыңғайлылығы мен артықшылығы — қызметті онлайн алған кезде өтініш беруші туралы барлық деректер мемлекеттік органдардың дерекқорынан автоматты түрде тартылады. Деректерді дұрыс енгізген жағдайда өтініш берушіні растайтын ақпарат экранда көрсетіледі.
Бұған дейін осындай қызмет тек ХҚКО-ларда және медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшелерінде қағаз түрінде көрсетілген, бұл процесс көп уақыт алып, жәрдемақыларды ресімдеу кезінде қолайсыздықтар туғызды.
«ҰАТ» АҚ командасы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қажетті және сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Бұрын еңбекке жарамсыздық бойынша төлемдерді алу үшін анықтамаларды қағаз түрінде ұсыну керек болатын, қазір қызметті алу процесі жеңілдетілді, пайдаланушыға өз деректерінің дұрыстығын тексеріп, қызметке қол қою жеткілікті. Барлық қажетті ақпарат мемлекеттік органдардың дерекқорынан автоматты түрде тартылады»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростисалав Коняшкин.
Сонымен қатар, дәл осы қызмет eGov mobile мобильді қосымшасында «Жеңілдіктер, жәрдемақылар және зейнетақылар» бөлімінде қолжетімді. Қызметтің нәтижесі eGov Mobile қосымшасының Хабарламалар бөлімінде ұсынылады.
Жаңа қызмет ҚР ЦДИАӨМ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында жүзеге асты.
Анықтама: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелі және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.