Байлықтың ең үлкені — халықтар достығы болса, ел бірлігі – ең асыл қасиет. Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанының жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген ел азаматтары бақытты!
Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында мемлекетіміз қарқынды түрде дамып келеді. Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген, достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды.
Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Еліміздің барша тұрғындарын Қазақстан халқының достығы және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін. Еліміз аман, жұртымыз мәңгі тыныш болсын!