2022 жылдың 20 кыркүйек 27 қыркүйек аралығында «Пробациялық бақылау» атты профилактикалық іс-шара басталды.
Аталған іс-шараны өткізу барысында – Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ-ның ЖПҚ қызметкерлерімен, Шымкент қалалық ҚАЖД қарасты Шымкент қалалық №1 пробация қызметі қызметкерлерімен біргелікте, тіркеуде тұрған сотталғандарды мекен-жайларын күшейтілген кестеге сәйкес тексерулер ұйымдастырылып, жаза өтеуден жалтарып жүргендерді іздестіру жұмыстары атқарылады.
Мұндай бірлескен іс-шаралар республика көлемінде тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Өткізіліп жатқан іс-шараның мақсаты қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталғандар тарапынан жасалған құқық бұзушылықтардың және қылмыстардың алдын алу, жаңадан құқық бұзушылық жасаудың алдын алу, сотталғандарды оң жолға бағыттау болып табылады.
А.АСИЛОВА,
Шымкент қалалық №1 ПҚ бөлімі инспекторы, әділет аға лейтенанты.