Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЕЛБАСЫ - ЕЛ МӘРТЕБЕСІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Құттықтау » ЕЛБАСЫ — ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

Warning: Undefined array key "tie_sidebar_pos" in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

Warning: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

ЕЛБАСЫ — ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

Ертеңін ойлаған ел үшін бүгінгі жеткен жетістіктерімізге аз күш жұмсалған жоқ. Ол үшін бейбітшілік қажет. Ал, бүгінгі елдегі тыныштық пен ұлтаралық татулық әрбір отбасының шаңырағының шайқалмауының, түтінінің түзу шығуының басты өлшемі. Тарихы қалың, тағдыры терең еліміздің бүгінгі бағындырған белестері Елбасының салиқалы саясатының жемісі. Осылай деп ой қорытындылаған жетісайлықтар «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесін жоғары деңгейде атап өтті.

Шарада ел басына түскен қиын-қыстау күндерде көрегенділік танытып, қамқорлық жасай алған Елбасының сындарлы саясатының арқасында бүгінде Қазақстанды әлем танып, әлем мойындағанын, әлемнің алпауыт елдерінің өзі Елбасымызбен санасып, ақылдасатын күйге жеткенін, мұның бәрі әрине елін сүйген Елбасының қажырлы еңбегі екенін айтқан аудан әкімі Мұрат Болатұлы жұртшылықты мерекемен құттықтады.

«Әлем Қазақстанды Елбасының арқасында таныды, мойындады. Тұңғыш Президент күні мерекесі қазақ халқының мемлекет болып қалыптасуының маңызды кезеңін айқындады. Тәуелсіздік алған алғашқы күндерден бастап Қазақстан өзін бейбітсүйгіш, бірлік пен татулықты ту етіп ұстанған ел ретінде көрсете білді. Ендігі жерде әрқайсымыз елдік танытып, қолға алынған әрбір бастамаларды қолдап отырсақ мемлекетіміздің келешегі бұдан да кемелдене түсетіні күмәнсіз.
Құрметті жетісайлықтар!
Бүгінде ел тарихына алтын әріптермен жазылатын «1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні» мерекесі елдікті ту еткен халқымыздың асқақ арманы мен айбарлы рухының мерекесіне айналуда. Баршаңызды мерейлі мерекемен құттықтай отырып дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін!» деді аудан басшысы өз құттықтауында.

Небәрі 44 жасында ел тізгінін ұстап, қазақ деген қайсар халықты дамушы емес дамыған елдердің қатарына қосқан ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесінде Мұрат Болатұлы ел дамуына қажырлы еңбек етіп, үлесін қосқан азаматтарды марапаттап, сый-құрмет көрсетті.

«Бүгінгі күн – еліміздің жастарын рухани тұрғыда тәрбиелеп, елдің болашағы үшін аянбай еңбек етуге бағыттайтын ерекше күн. Өйткені, бұл мерекеде жоқтан бар жасай білген, шекарамызды шегелеп, бейбітшіліктің қасиетін ұғындыра білген Елбасымыздың еңбектері дәріптеліп, халықаралық аренадағы қазақ елінің абыройы айқындалады.
Міне, осы мерекеде бізді шақырып, атқарған еңбегімізді бағалаған басшыларға алғыс айта отырып қазақстандықтардың деніне саулық, шаңырақтарына береке мен бірлік тілеймін» дейді «С-Информ» республикалық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Лаззат Тулемисова.

2012-жылдан бастап қазақ тарихына айтулы күн болып енген «ҚР Тұңғыш Президенті күні» мерекесінде әлеуметтің әлеуетін жақсарту жолында қажырлы еңбек еткен ұлт көшбасшысының өмірі мен еңбектері дәріптелген кітап және фото көрмелері ұйымдастырылып, аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы қойылды. Шырқалған ән мен күмбірлеген күй Жетісай аспанын мерекелік көтеріңкі күйге бөледі.

Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1