Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЕКПЕ АЛЫП, САҚТЫҚТЫ КҮШЕЙТЕЙІК! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ЕКПЕ АЛЫП, САҚТЫҚТЫ КҮШЕЙТЕЙІК!

ЕКПЕ АЛЫП, САҚТЫҚТЫ КҮШЕЙТЕЙІК!

Мақтаарал аудандық ардагерлер кеңесінің алқа мүшелерінің аудан тұрғындарына

ҮНДЕУІ

Құрметті мақтааралдықтар!
           Қазіргі таңда біздің ауданда да өте қауіпті жұқпалы дерт – короновирусқа және пневманияға шалдыққандар қатары күн санап көбейіп келеді. Жансақтау бөлімінде тыныс алу аппаратының көмегімен хал үстінде жатқан науқастардың жағдайы бізді алаңдатып отыр. Ауруды елемей, оған жеңіл-желпі қарау, үйде өз бетінше емделу дертті асқындыра түсетінін ұмытпайық.
         Короновирус пен «Дельта» штамы өте тез тарайтын, аса жұқпалы ауру екенін ескерейік. Бұл жұқпалы ауруды емдеудің жаңа хаттамасы енгізілген. Осыған сәйкес вирусқа қарсы дәрі-дәрмекті 12 күн ішінде қабылдау керек. Алайда, науқастар атанған талапты сақтамай 13-14 күннен соң ауруханаға келеді. Кеш тағайындалған ем өз нәтижесін бермейді.  Ауру белгісі байқала салысымен шұғыл түрде дәрігер көмегіне жүгіну керек.
           Ең бастысы – көпшілік жиналатын орындарға баруды мүлдем тоқтатайық! Тығылып тойға, барамыз. Тойхананың артқы есігінен кіріп, бір-бірімізбен құшақтасып амандасамыз. Базарға, дүкенге барамыз, адам толы көлікке  мінеміз. Онда осы адамдардың бірі – короновируспен немесе пневманиямен сырқаттанған болса ауруды жұқтыру оп-оңай екенін неге ойламаймыз. Одан үйіңізге келіп отбасыңызға жұқтырсаңыз не болады?
           Кімге керек біздің жанымыз? Бұл әрекеттермен кімді алдаймыз? COVID-19 -ға қарсы күресудің бірден-бір жолы – вакцина алу екенін түсінейік.
         Екпеден қорқып, үрейленудің қажеті жоқ. Түрлі өсек, қауесеттерге сенбеңіздер. Екпені ең алдымен өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін алыңыз. Сосын отбасыңыздағы, айналаңыздағы адамдардың денсаулығын ойлаңыз, бұл үшін Сіз де жауапты екеніңізді ұмытпаңыз. Вакцина өзіңізді және жақындарыңызды қорғауға, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
        Жұқпалы дертті ауыздықтау тек дәрігердің ғана міндеті емес. Бұл қатерлі сырқатпен көп болып жұмыла күрессек ғана құтыламыз.
         Басты талап – вакцина алу, көшеге шықпау, көпшілік орындарға  бармау, әлеуметтік қашыққа және карантин талаптарын мұқият сақтау, үнемі маска тағып жүру екенін ұмытпайық! Екпе салдырып, сақтық шараларын қатаң сақтайық!
С.ОҢҒАРОВ, Ш.БӘЙТЕНОВ, Ш.ҚҰРБАНБАЕВА,
М.ЕРДЕШОВ, Қ.ИРСАЕВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1