NewsPRESS RELEASEЖаңалықтарРуханиятХабарландыру

«ДӘСТҮРЛІ ӘН АЙТУ ӨНЕРІ» БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТЕДІ

Қаралым: 25
       Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Балалар филармониясы» жобасы аясында 17 желтоқсан күні сағат 12.00-де «Дәстүрлі ән айту өнері» бойынша шеберлік сабағын өткізеді.
       Шеберлік сабақтың мақсаты — жас көрермендердің ұлттық құндылық пен мәдени мұраларға деген сүйіспеншілігін дамытуға ықпал ету болып табылады.  Сабақтан  жас буын – Дәстүрлі ән айту өнерінің қандай ерекшеліктері бар? Оның академиялық және эстрадалық ән айтудан айырмашылығы неде? Жас жеткіншектер аталмыш өнердің сиқырлы сырын «Қазақконцертте» өтетін іс-шарадан біле алады.
     Дәрісті «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының әртістері ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Құмарбек Қалқатай мен Мәдениет саласының үздігі Перизат Тұрарова жүргізеді.
М.ОРЫНБЕТОВА,
 Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт»
мемлекеттік концерттік ұйымының
баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *