ҚР ПІБ Медициналық орталығының жыл сайынғы «Менің сүйікті дәрігерім» акциясы аясында 28 қараша 2 желтоқсан аралығында Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері көшпелі акциясы аясында Шымкент, Мырзакент, Атакент, Асықата, Жетісай қалаларында пациенттерді (18 жастан бастап) тегін қабылдайды.
Акцияның мақсаты – халыққа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру.
Мырзакент қ. — 29 қараша. Аудандық орталық аурухана
Атакент қ. — 30 қараша. Аудандық орталық аурухана / аритмолог болмайды
Асықата қ. — 1 желтоқсан. Аудандық орталық аурухана /аритмолог болмайды
Жетісай қ. — 2 желтоқсан. Аудандық орталық аурухана /аритмолог болмайды
Қабылдау уақыты: 09:00-18:00 сағ. (түскі үзіліс 13:00-14:00 сағ.).
Кеңес алуға келген науқастың қолында жеке басын куәландыратын құжаты мен бұрынғы сараптамаларының нәтижесі болуы керек. Дәрігердің дәл диагноз қойып, шешім қабылдауы үшін науқас әкелуі тиіс:
— кардиохирургқа: ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы, коронарография/ КТ дискісі және барлық үзінді көшірмелер, тексерулер, талдаулар;
— аритмологқа: ЭКГ, Холтер ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы.
— ангиохирургке: қантамырлары УДДГ, КТ немесе аортография дискісі және барлық үзінді көшірмелер, тексерулер, талдаулар.
-кардиологқа: жүрек УДДГ, ЭХОКГ хаттамасы, барлық үзінді көшірмелер, тексерулер, талдаулар.
Қабылдау және жазылу туралы толық ақпарат алу үшін аталған медициналық ұйымдарға хабарласыңыз.
ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының баспасөз қызметі.