Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
«ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАР» ТАҚЫРЫБЫНДА АУҚЫМДЫ СЕМИНАР ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » «ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАР» ТАҚЫРЫБЫНДА АУҚЫМДЫ СЕМИНАР ӨТТІ

«ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАР» ТАҚЫРЫБЫНДА АУҚЫМДЫ СЕМИНАР ӨТТІ

         Соңғы кездері дінге бет бұрушы бұқараның қатары артты. Әсіресе, Алланы ауызынан тастамайтын иман жүзді жастарымыз мешіттерге келуін жиілетті. Көңіл қуантады. Дегенмен, өз жолынан жаңылысып, жөнін таппай жүргендер де жетерлік. Жалпақ жұртты исламнан жерітіп, жамандыққа жақындата түсетін жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған жын-жыбыр ағымдар жастарды сақтандыру мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық орталық «Нұғман» мешіті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Дін және Жастар» тақырыбында семинар-кеңес болып өтті. Басқосуға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Омар Есенбеков пен Жетісай ауданының бас имамы Жорабай Дулатбаев, аудандық мешіттердің қызметкерлері, «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Түркістан облысы Қоғамдық Даму Басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының мамандары, ауданның белсенді жастары қатысты.
         «Соңғы кездері әлемнің жер-жерлерінде діни секталардың толқулары жиі орын алып, жазықсыз жандар жапа шегіп отыр. Айрандай ұйып отырған елдің арасына іріткі салып, баланы әкеге қарсы шығарып, бауырды бауырмен жаға жыртысуға дейін жеткізді.
         Біз – өзіндік ділі, тамыры терең құндылықтары, сүйенер, қуат алар бай рухани мұрасы бар халықпыз. Діні мен дәстүрін бөліп жармай, бір белдеудің көлемінде ұстануды жөн көрген ата-бабаларымыздың діни дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында арнайы басқосу ұйымдастырып отырмыз» дейді Жетісай аудандық орталық «Нұғман» мешітінің найб имамы Нұрқазы Нәлібаев.
         Дін – дүниедегі әрбір жан иесінің өмір сүру үлгісі, екі дүниеде де бақытты болуға жетелер нәзік жол. Дәстүр – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы. Әрбір ұлттың ұстанар діні, өзіндік ғұрыпы, дәстүр сабақтастығы мен бір ұлтты екінші ұлттан өзгешелейтін мінез-құлық ережесі және өмір сүру ерекшелігі болады. Ел болып қалыптасу үшін бірқатар тіректердің болуы қажет, яғни, діні, тілі, жері, тарихы, ұлттық тағамы, ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Алқалы жиында мамандар жастарға осы құндылықтардың аражігін ажыратып, тура жолдан адасудың алдын алуға негізделген ғылыми, рухани маңызды дүниелерді түсіндіріп, ашық сұхбат жүргізді. Сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
         Іс-шара соңында аудандағы ұлтаралық татулық пен діни тұрақтылықтың сақталуына елеулі үлес қосып жүрген жастар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Б.НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1