Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ДЖО БАЙДЕН ӨЗ ЖАҚТАСТАРЫНА ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлемде » ДЖО БАЙДЕН ӨЗ ЖАҚТАСТАРЫНА ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ

ДЖО БАЙДЕН ӨЗ ЖАҚТАСТАРЫНА ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ

Демократ Джо Байден өз жақтастарын өзінің федералдық қаржыландыруға қол жеткізгенге дейін оның өтпелі кезеңдегі командасын қолдауға қаражат жолдауға шақырды. «Президент Трамп сайлауда жеңілгенін мойындаудан бас тартып, биліктің ауысуын кейінге қалдырғандықтан, біз бұл процесті өзіміз қаржыландыруымыз керек және сіздің көмегіңізге мұқтажбыз. Егер мүмкіндіктеріңіз болса, Байден-Харристің ауысу тобын қаржыландыруға қаражат жіберсеңіздер», — деп жазды Байден Твиттерде.
Бұған дейін Джо Байден, өзін сайланған президент ретінде мойындамайтын Дональд Трамп әкімшілігіне қарсы сот ісін бастайтынын да жоққа шығармаған еді. Өз кезегінде Дональд Трамптың адвокаттары, демократтар Қытай, Венесуэла және Кубаның «коммунистік ақшасының» арқасында жеңіске жетті деп мәлімдеді. Атап өтерлігі, Дональд Трамптың Джорджия штатында жеңіліске ұшырағаны ресми түрде жарияланған болатын. Миллиондаған сайлау бюллетендері қайтадан қолмен саналып болған соң, осы штаттың мемлекеттік хатшысы,  Д.Трампың сенімді жақтасы  саналатын Брэд Раффенспергердің өзі  Джо Байденнің жеңісін жариялай отырып, «Сандар алдамайды»-деді. Осы жайға қарамастан АҚШ-тың қазіргі 45-ші президенті Д.Трамп өзінің жеңілісін мойындауға асығар емес.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1