Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік науқан аяқталды - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік науқан аяқталды
In the photo: Some of this year's participants

Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік науқан аяқталды

Нұр-Сұлтан, 11 желтоқсан – Осымен екінші жыл АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық өкілдігі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне назар аудару үшін БҰҰ-ның жыл сайынғы «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» атты халықаралық бастамасын қолдап тұр. Науқан жыл сайын 25 қараша — Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күнінен басталып, 10 желтоқсан — Адам құқықтары күніне дейін жағасады.
“Біз әйелдер мен қыздардың өз әлеуетін толықтай жүзеге асыруға, зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге және, әрине, өз армандарын орындауға ресурстар мен мүмкіндіктерге ие болатын әлемге бірлесіп қол жеткізе аламыз”, деді Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер
Биылғы жылы АҚШ өкілдігінің науқанына 20 ерекше адам қатысты, олардың ішінде Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Азимова, «Родник» үкіметтік емес ұйымының басшысы және Мемлекеттік департаменттің 2020 жылғы адам саудасы туралы баяндамасында да ерекше аталған Нина Балабаева, Олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова мен Дмитрий Баландин, журналист және тележүргізуші Динара Сәтжан, сондай-ақ адвокаттар, журналистер, медиа өкілдері, белсенділер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар, олардың әрқайсысы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күресті қолдайды. Дипломатиялық өкілдік бұл науқанның Қазақстандағы адамдарды гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді түрде сөйлеуіне және қоғамды неғұрлым инклюзивті және әділетті етуге қадам жасауына себін тигізеді деп үміттенеді.
Жаһандық науқан барысында Нұр-Сұлтан қаласындағы Елшілік өз ғимаратының сыртын БҰҰ Бас хатшысының 2030 жылға қарай әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты бірлесіп тоқтатамыз (UNiTE) кампаниясының биылғы жылғы «Әлемді қызғылт сары етейік: қаржыландыру, жауап беру, алдын-алу, жинау!» деген тақырыбына сәйкес таңдап алынған қызғылт сары түспен жарықтандырып қойды.
Науқанмен және оны қолдаған қатысушылармен біздің InstagramFacebook және Twitter парақшаларымыздан көріп танысуға болады.
АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық өкілдігінің
баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1