Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ВЕГЕТАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ВЕГЕТАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

ВЕГЕТАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

          Негізгі табысы ауыл шаруашылығы саласына тікелей байланысты Жетісай ауданында шаруалардың егінінің бітік шыққаны, қырманның өнімге толғаны аса маңызды. Ол үшін өнімге дер кезінде ағын су мен минералды тыңайтқыштардың жеткізіліп, күтіп-баптау жұмыстары да уақытылы жүргізілуі тиіс.
         Аудан шаруаларының жазғы вегетациялық маусымда ағын судан тапшылық көрмеуін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» машиналық әдіспен су көтеру каналында болып, биылғы дайындық жұмыстарымен танысты. Алдағы уақыттарда кездесуі ықтимал кедергілер мен қиындықтарды талқылап, алдын алу шараларын сөз етті.
         Айта кетейік, өткен жылы ағын су лимиті 663 млн текше метрді құраған ауданның шаруалары нақты 542,592 млн текше метр су алған. Оның 470,521 млн текше метрі «Достық» магистралды каналы арқылы алынса, 72,071 млн. текше метрі машиналық әдіспен су көтеру каналы арқылы жеткізілген.
         2023 жылы машиналық әдіспен су көтеру каналының 5 насосы жұмыс істесе, бүгінгі күні 10 насос жұмыс жарамды.
        Сонымен қатар, Серік Үсенұлы жауапты сала басшыларына ауданда орналасқан 778 каналдың, соның ішіндегі республикалық меншіктегі 604, коммуналдық меншіктегі 162 және жекеменшіктегі 12 каналдың шаруаларға қажетті ағын судың дер кезінде ысырапсыз жеткізілуін қатаң бақылауды тапсырды.
          Биылғы лимиті 663 млн. текше метр суды құрайтын аудан шаруалары секундына 324,514 текше метр су алып, 2248 гектар алқапты суғарып үлгерген. Шілде айынан бастап «Достық» магистральды каналы арқылы көршілес елден келетін ағын судың көлемі 50 текше метрге жеткен.
Б.НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1