Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы облысы, Шеңгелді ауылдық округіне қарасты «Қосқұдық» ауылында «Аламан», «Топ», «Тай», «Құнан» бәйгелері ұйымдастырылды.
Жарыс барысында Қапшағай өңірінің әкімі Нұрлан Орынбасарұлы жиналған жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, атбегілерге сәттілік тіледі. Сонымен бірге, ауыл ақсақалдары сайыс басталар алдында бәйгеге қатысушалырға жылы лебіздерін білдіріп, ақ батасын берді.
Республика деңгейінде өткен осы бәйгеге еліміздің Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Қарағанды облыстарынан және Алматы –Талдықорған қалаларының атбегілері қатысты. Соның ішіндегі 25 шақырымдық “Аламанға” – 50 сайгүлек, 15 шақырымдық топ бәйгесіне – 40, 8 шақырымдық құнан бәйгесіне -50, 4 шақырымдық тай жарысына– 30 ат шабысқа жіберілген.
Жалпы есеп бойынша 100-ден астам тұлпар қатысқантоп бәйгеден – Батыс Қазақстан облысы, құнанбәйгесінен – Ескелді ауданы, тайбәйгеден – Жамбыл ауданы жүлделі орындарға ие болса,ал аламан бәйгесінен –Қордай ауданы бас жүлдені жеңіп алып, тігілген «Лада Гранта» автокөлігін қанжығасына байлады.