Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
БҰЛ КҮНІ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ АЛҒАШҚЫ КОНСТИТУЦИЯСЫ ЖАЗЫЛҒАН! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » БҰЛ КҮНІ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ АЛҒАШҚЫ КОНСТИТУЦИЯСЫ ЖАЗЫЛҒАН!

БҰЛ КҮНІ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ АЛҒАШҚЫ КОНСТИТУЦИЯСЫ ЖАЗЫЛҒАН!

      Қадірлі бауырлар!
       2019 жылы Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының» бастамасымен ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесі жарық көрді. Осы Қазақ күнтізбесіндегі 13 маусым – Қазақ халқы күні болып белгіленген.
      Бұл күн бізді Алаш зиялыларының қазақ халқының болашағы үшін ат үстінен түспей еңбек еткен кезеңге жетелейді. Осы күні 1911 жылы қазақтың қоғам қайраткері Барлыбек Сырттанұлы алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханның өтінішімен Қазақ елінің алғашқы Конституциясын жазып шыққан еді. Бұл құжат қазақ даласында осыған дейін белгілі болған «Қасым ханның қасқа жолы» және «Есім ханның ескі жолы» заңдар жинағының заңды жалғасы іспеттес.
        Тарихи жадымызды жаңғырту мен ұлттық тарихымызды білуге үндейтін бұл атаулы күн барша халқымыз үшін терең мәнге ие. Бүкіл қазақ жұртының арманы мен аманатын арқалаған осынау тарихи күнді жас ұрпақ біліп өссе, ертеңгі болашағымыздың жарқын болғаны.  Көшпенді қазақ жұрты дегенде көбіміз ат үстінде ұлан-ғайыр даланы дүбірге бөлеген жауынгер жұртты көз алдымызға елестететініміз анық. Осы орайда «қазақтың ұлылығы неде?» — деген заңды сұрақтың туындайтыны заңды.
         Қазақ халқының ұлылығы,  шынайы  болмыс – бітімі мен бекзаттығы ол тағдыр жазуымен қазақ жеріне күштеп қоныс аударылған 5 миллионға жуық ұлт пен ұлыстың өкіліне қиналғанда жәрдем беріп, кең құшағын жайып, аман алып қалғанында дер едім. Пейілі кең, дарқан қазақ мен үшін осынысымен қымбат!
       Барлықтарыңызды 13 маусым — Қазақ халқы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
       Жұлдыздарыңыз шындық пен парасат биігінде жарқырай берсін!
Құрметпен,
Мұхтар ШАХАНОВ,
Қазақстанның халық жазушысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1