Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
БІР ТОП АҚСАҚАЛ ИГІ ӨТІНІШПЕН КЕЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » БІР ТОП АҚСАҚАЛ ИГІ ӨТІНІШПЕН КЕЛДІ

БІР ТОП АҚСАҚАЛ ИГІ ӨТІНІШПЕН КЕЛДІ

          Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов апта сайын қоғамдық қабылдау мен жеке қабылдаулар өткізеді. Осы аптада өткен қоғамдық қабылдауға бірнеше ауылдық округтен жиналып келген бір топ ақсақалдар алқасы спирттік ішімдік сатылымына тосқауыл қоюға ықпал жасау бойынша аудан әкіміне өтініш жасады.
         Жасұзақ Сыдықов бастаған топ бұған дейін ішімдік сатуды тоқтатқан елді мекендердің тәжірибесі туралы кеңінен атап өтті. Бұл елді мекендердің барлығында береке-бірлік салтанат құрып, қылмыс жасау, жұбайлардың ажырасуы, кіші бұзақылық деген атымен жоғалған. Елімізде ішімдіктен бас тартқан елді мекендердің саны 10-нан асқан.
         Мұндай бастаманы ең алғаш Мақтаарал ауданында Еңбекші ауылдық округіне қарасты Жантақсай елдімекенінің қариялары қолға алған. Қабылдауға келгендердің бірі, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сейіткерім Мелдеханов өзі тұратын Бірлік ауылдық округі Табысты ауылында дүкен иелерінің әрбірімен жеке дара сөйлесіп, спирттік ішімдік сатпауға уәделерін алыпты. Сонымен қатар, қабылдауға келген Мансұрқожа ақсақал Атакент кентіндегі 11 дүкенмен келісім орнатып, арақ-шарап сатпауға келіскен.
         Аудан әкімінің қоғамдық қабылдауына келген ақсақалдардың ендігі мақсаты — Мақтаарал ауданындағы 69 елді мекеннің барлығында спирттік ішімдікті сатуды азайту немесе мүлде жою. Осы арқылы ауданда қылмыстың санын мүлде азайтып, әрбір отбасыға құт-береке дарыту. Ақсақалдар осы мақсатты жүзеге асыру үшін аудан әкіміне спирттік ішімдік сататын кәсіпкерлерге ықпал жасауды сұрап келген екен.
        Өз кезегінде аудан басшысы Бақыт Насырханұлы қариялардың бастамасы өте орынды екенін айтып, заң аясында барынша қолдайтынын жеткізді.
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1