Бейбітшілік пен этностар арасындағы достықты ерекше бағалайтын елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының орны бөлек. Елімізде этнос өкілдері татулықты сақтап, ел дамуы жолында маңызды рөл атқарып отыр.
Бейбітшілік пен бірліктің маңызын ұғынған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы идеясын жариялады. Сөйтіп 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Елбасының сол жылдары жасаған қадамы өз жемісін беріп, бүгінде — Ассамблея татулық пен тыныштықтың тірегіне айналды. Ассамблея еліміздегі бірлікті сақтауда маңызды рөл атқарып отыр. Сонау жылдары Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы қазіргі таңда одан әрі өрлеу үстінде.
Көптеген этностардың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгі болып келеді. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Тәуелсіздік тұғырын әрқашан биік ұстайық! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бірлігіміз одан әрі жараса түссін!
Р.ЮЛДАШОВА,
Мақтаарал ауданы тәжік этномәдени бірлестігі Аналар кеңесінің төрайымы.