NewsPRESS RELEASEБілім саласыЖас буынКәсіпкерлікМерекелік шараСаясатЭкономика

БІЗ – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰРАНЫМЫЗ

Қаралым: 26
         Біз 1916 жылғы ұлт-азат­тық көтерілісін көзімізбен көрген жоқпыз, оқулық­тар­дан ғана оқыдық. Ал, 1986 жылғы еліміздің жас қайраты ұран­дап алаңға шықты, тең­дікті талап етті, әділетті іздеді, бірақ, олардың маңдайлары тасқа соғылды, қуғын-сүр­гін­ге ұшы­ра­ды. Сонда да ұлттық ру­хы­мыз жасыған жоқ, қайта қай­рала түсті. Біз сол бір ызғарлы желтоқсандағы қара­лы күн­дер­дің жанымызға са­лып кеткен жарасын әлі күнге ұмыта алмаймыз. Біз тәуел­сіздіктің тө­беден түспегенін, әлдекім сыйға тартпағанын, тарих кө­шіндегі ата-баба­мыз­дың ар­ман-аңсарының толық жүзеге асқанын түсінетін ұр­пақпыз.
         Енді бүгін өткенге ой кө­зімен қа­расақ, Тәуел­сізді­гі­міз жарияланардан төрт күн бұрын, 1991 жылдың 12 желтоқ­са­нында Қазақстан Республика­сы Президентінің «Қазақстан­дағы 1986 жылғы 17-18 жел­тоқ­сан­дағы оқи­ға­ларға қа­тыс­қаны үшін жауап­ты­лық­қа тартылған азамат­тар­ды ақтау туралы» Жарлығы шыққан бола­тын. Бұл Жар­лық­тың тек Жел­тоқсан кө­тері­лісіне қа­ты­сушылар үшін ғана емес, жалпы ұлттық рухты сақтау жолын­дағы ма­ңызы ерекше.
         Бұл тарихи сәт елдіктің, бірліктің белгісі болды. Еліміз егемендікке, тәуел­сіз­дікке қол жеткізгеннен кейінгі жиырма жыл еліміздің жас қайратының талабының оң болғанын дәлелдеп тұр­ған­дай. Осы жиырма жылда Ота­нымыздың қиын өткел, тар асулардан қалай аман өткеніне қа­зақстандықтар куә, әлем жұрт­шылығы куә.
           Қазіргі Қа­зақстанда тұратын жүзден астам этностың тағдырын қазақ тағ­дырынан бөле-жара қара­май, бар­лығын бір ананың бала­сын­дай бауырға тарту нә­тижесінде еліміз ішкі-сыртқы саясатта үл­кен беделге ие болды. Ана тілімізге деген құр­мет Ата Заңымыздан бастау алды. Алаш ардақтысы Ахмет Бай­тұрсыновтың: «Басқадан кем бол­мас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай бо­луға кә­сіп керек. Күшті бо­луға бірлік керек. Осы керек­тердің жолын­да жұмыс істеу керек», деген ұс­та­нымы бү­гінде біздің жол­бас­шы­мызға айна­лып отыр. Сонау тоқ­саны­ншы жыл­­дар­да­ғы күй­реп қалған ша­руа­­­шы­лықтар, босап қалған дүкен сө­релері, елді жай­лаған жоқ­шы­лық пен қым­бат­шылық аз уа­қытта еңсері­ліп, ха­лықтың тұр­мысы оңал­­ды, эко­н­ом­­и­ка­дағы өрлеу ел­дің әл-ау­қа­тын арттырды.
           Астанада ХХІ ғасырдағы ЕҚЫҰ-ның тұң­ғыш сам­миті өтті. Қысқы Азиада-2011 спорт сайыстары­ның сал­та­наты да Астананың мәр­те­бесін, қазақстан­ды­қ­тар­дың рухын көтерді. Демо­графиялық саясат тәуелсіздік жыл­дары қазақтардың санын 6,5 миллионнан 10,3 мил­лионғ­а жеткізді. 2010 жылдың 1 қаңтарындағы мә­лімет бо­йынша, Қазақстан­да­ғы қазақтар­дың саны 63,6 пайыз бол­ды, яғни 20 жылға жуық уақыт ішін­де қазақ хал­қы­ның саны 3,8 млн. адамға көбейді. Еліміз жастардың білім алуы­на да аса үлкен көңіл бөліп келеді. 1993 жылдан бері «Бола­шақ» ха­лық­аралық стипендиясы берілсе, 1994-2010 жыл­дар ара­лы­­ғында бұл стипен­дия­ға ие бо­лған жас­тар­дың саны 7600-ге жетті.
          Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­да­рынан бастап елімізде жұмыс­сыз­дықпен күреске елеулі мән берілді. Соның арқасында қазақ­стандықтар тұрмыс-тіршілігі үшін жұмыс іздеп шекара асып кеткен жоқ. Олардың жұмыс істеуіне өзі­мізде жағдай жасалды. Енді өз-өзі­мен шұғылданатын, жұмыссыз жүр­­­ген, тұрмысы төмен халықты қайта оқытуға, жұмысқа орна­ла­суына жәрдемдесуге, ауылдағы кә­сіпкерлікті қолдауға, экономи­калық әлеуеті төмен аймақтар­дан эконо­ми­касы дамыған ай­мақ­тарға көшу­ге жағдай жасау үшін мемлекет тағы да қаржы бөліп отыр.
          Та­биғи ресурстарымыздан, шикізаттан, мұ­най секторынан тү­се­тін түсімдерді ұлттық қорға жи­нау арқылы бола­шаққа деген ұтым­ды ұмтылыс жа­сал­ды. Ұлт­­тық қорымыз да елдің әлеу­меттік-экономикалық жағ­дай­ы­ның тұ­рақ­ты дамуы­на негіз болды.
         Индустриялан­ды­ру­­дың алғашқы жылының өзінде жалпы құны шамамен 800 миллиард теңгеге 152 өнер­кәсіптік ны­­сан іске қосылып, 24 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашыл­ған. 2014 жылға дейін осы бағ­дар­лама аясында құны 8,1 триллион теңге құрайтын 294 инвес­ти­ция­лық жобаларды жүзеге асы­ру жос­парланып отыр. Бо­лашақта да жал­ғасын табатын бұл бағдарла­мадан халықтың күтері көп.
          Тәуелсіздікке жету жолы қан­шалықты ауыр болса, тәуел­сіздік­пен тыныстаудың баяндылығы да соншалықты жауапты екені анық. Жас ұр­пақ тәуелсіздіктің тағы­лым­дарын танып, қастерлеп, құр­мет­теп отыруы керек. Тәуел­сіздік бізге бәрінен де қым­бат. Сон­дықтан да бәріміз еліміз үшін ең­бектенуіміз, халқы­мыз үшін қыз­мет істеуіміз керек. 
Айгерим ЕШМУРАТОВА,
№ 39 «Асықата» жалпы білім беретін мектебінің
география пәні мұғалімі, педагог-модератор.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *