Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Алматы облыстық білім басқармасына қарасты, Ескелді аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет «Біз еліміздің болашағымыз» тақырыбындамектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ересек және мектепалды даярлық топ бүлдіршіндері арасында аудандық онлайн-байқауы өткізілді. Шығармашылығын енді бастаған жас суретшілер «Біз еліміздің болашағымыз» тақырыбында өз шығармаларын сомдады.
Сайыста бақ сынаған бүлдіршіндердің суреттері – Ескелді аудандық білім бөлімінің eskeldi_bilim инстаграм желісіне 2021 жылдың 26 сәуірінде үш күнге жарияланды. Суретші бүлдіршіндердің үздіктері оқырмандардың лүпілімен анықталды.
Байқау қорытындысы бойынша – ІІІ-орынды «Күншуақ» балабақшасынан Өсербай Айерке Дамирқызы, ІІ-орын «Қызғалдақ» балабақшасынан Қадырақын Абдинұр және жүлделі І-орынды «Айкүн» балалар бақшасының тәрбиеленушісі Есенқұл Дінмұхамед иеленді.
Аудандық білім бөлімінің байқау жеңімпаздарына түрлі марапаттар мен сыйлықтар тапсырды. Жас дарындарымызды шын жүректен құттықтап, болашақта олардың толағай жетістіктерге жететіндерге кәміл сенеміз.