Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
БРИТАНДЫҚ ШТАММ ТАҒЫ ДА ЕКІ ЕЛДЕ АНЫҚТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлемде » БРИТАНДЫҚ ШТАММ ТАҒЫ ДА ЕКІ ЕЛДЕ АНЫҚТАЛДЫ

БРИТАНДЫҚ ШТАММ ТАҒЫ ДА ЕКІ ЕЛДЕ АНЫҚТАЛДЫ

Оңтүстік Кореяның Денсаулық министрлігі Ұлыбританиядан ұшып келген 3 азаматтан (бір отбасының мүшелері) короновирустың «британдық штаммы» анықталғанын растады. Қазірде оңтүстік кореялық дәрігерлер науқастармен бірге бір ұшақта болған азаматтар және олардың отбасыларын қатаң бақылауға алып отыр екен. Сондай-ақ, Индонезияда да осы штаммды жұқтырғандр анықталды деген   мәлімет келді. Сол себепті де сол елдің билігі сақтық шараларын күшейтуге кіріскен.
Дүйсенбі күні Финландияда да кеселдің осы түрі анықталғаны расталған еді. Әзірге Ресей мен Қазақстанда бұл дертті жұқтырғандар туралы нақты деректер жоқ. Соған қарамастан сақтық шаралары күшейтілуде.
Әлемнің алаңдаушылығын тудырып отырған «Британдық штамм» биылғы жылдың қыркүйегінде Лондонда анықталған еді. Оның қатерлігі ол короновирустың басқа түрлеріне қарағанда адамдарға 70 пайызға тезірек жұғатындығында болып тұр. Әзірге короновирусқа қарсы ойлап табылған вакциналардың жаңа штамммен күресте қаншалықты тиімді екендігі нақты анықталған жоқ.
Серік ЖАРҚЫН, Алматы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1