Жуырда біздің «М.Шоқай атындағы № 26 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Өнерім саған – Қазақстан!» сайысында менің шәкіртім Ждан Алина Сержанқызы жүлделі орын иеленіп, бізді қуанышқа бөледі.
Осы сайыс қорытындысы бойынша білім ордамыздың мектепалды дайындық сыныбының тәрбиеленушісі Ждан Алина Сержанқызы, ұлы ғұлама Абай Құнанбаевтың «Әсемпаз болма әрнеге» атты өлеңін мәнерлеп оқып, аудандық кезеңнен І-дәрежелі Дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, ол өз дарынымен облыстық кезеңінен ІІІ-дәрежелі Дипломмен де марапатталды.
Алинаны осындай жеңісімен шын жүректен құттықтап, оған бұдан да биік белестерді бағындыра беруді тілейміз!
Зина ДАУЫЛБАЕВА,
М.Шоқай атындағы №26 ЖББМ-нің бастауыш сыныптың мұғалімі.