Жаңалықтар

БЕС ӨҢІРДЕ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Қаралым: 23
Аяздың көтерілуіне байланысты еліміздің бес өңірінде ескерту жарияланды, – деп хабарлайды «Қазгидромет» мекемесі. Нақтырақ айтар болсақ, 30 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы күрт төмендеп, — 27-32 градусқа дейін ауа температурасы төмендесе, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түнде аяз 30-35 градусқа дейін жоғарыласа, кейбір жерлерде ауа температурасы -38 градусқа дейін төмендеуі күтілуде.
Егер де, 31 желтоқсан 1 қаңтар аралығында Ақмола, Павлодар облыстарында да ауа температурасы -30-35 градусқа күрт төмендесе, облыстың солтүстігінде — 38 градусқа дейін аяз болуы күтілуде. 31 желтоқсанда Қарағанды облысында ауа температурасы -25-30, кей жерлерде 35, 1 қаңтарда -30-35, кей жерлерде -39 градусқа дейін төмендейді. 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы -31-36 градусқа төмендесе, кейбір аймағында 39 градустық аяз болжануда.
Ауа райының қатты суытуы кезінде, халықтың тіршілігін қамтамасыз етуші коммуналдық жүйелерде апаттық жағдайдың шығуы, қондырғылардың бұзылу қатері молаюы мүмкін. Сондай-ақ, үсіп қалу, авариялық-қалпына келтіру жұмысын жүргізу барысында пәтерлердегі жылыту жүйелерінің істен шығу ықтималдығы жоғары болады. Осы жайларды ескере отырып, еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі өңір тұрғындарына аса қажеттілік болмаса сыртқа шықпауға, балаларды көшеге шығармауға және ұзақ сапарларды кейінге қалдыра тұруға кеңес беруде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *