Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
БЕСІНШІ РЕТ ЕЛІМІЗДІҢ ЕҢ ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМАНДАСЫ АТАНДЫ! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » БЕСІНШІ РЕТ ЕЛІМІЗДІҢ ЕҢ ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМАНДАСЫ АТАНДЫ!

БЕСІНШІ РЕТ ЕЛІМІЗДІҢ ЕҢ ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМАНДАСЫ АТАНДЫ!

        Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадада Назарбаев Зияткерлік мектептеріқатарынан бесінші рет еліміздің үздік олимпиадалық командасы деп танылды.
     Жас математиктер, информатиктер, физиктер, химиктер және географтар жеке және командалық есепте жеткен жетістіктеріменNIS-тің жоғары стандарттарын қайта растады. Зияткерлік мектептердің медалдық қоржыны 60-тан астам түрлі дәрежедегі наградамен толықты, олардың үштен бірі – алтын. NIS өкілдерінің барлығы дерлік құрмет тұғырынан көрінді.
     Еліміздің үздік физигі атағын Алматыдағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Ерсұлтан Пітебай алды. Жақында ғана Ерсұлтанды бүкіл ел қазіргі таңда беделді жоғары оқу орындарыныңәлемдік рейтингінде көшбастап тұрған Массачусетс технологиялық институтының шақыртуыжәне грант иеленуімен құттықтады.
      Олимпиаданың күміс жүлдегері, 2023 жылғы түлектердің жұлдызды командасы мүшесі Альмира Нұрланова да MIT-діңгрантын иеленді.
      Өткен жылы география пәнінен халықаралық IGeO олимпиадасының жеңісті марафонын жалғастырған Санжар Хамитов Ақтөбе қаласындағы NIS-ті кезекті алтын медалімен қуантуда.
       Бірінші орын иеленген Зияткерлік мектептер өкілдерінің қатарында семейлік Мұхаммадириф Сахмолдин, NIS халықаралық бакалавриаттан Аида Давлетова, елордадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Санжар Бисенәлі бар, олар халықаралық  беделді олимпиадаларда ел абыройын асқақтатып келеді.
       Ең көп медалді Алматыдағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп мен Павлодардағы NIS оқушылары еншіледі.
       Зияткерлік мектептердің республикалық олимпиададағы жаңа жарқын жеңісі NIS-тің академиялық жетістіктерінің қисынды жалғасына айналды.
Asem BATYRBEK,
Press-secretary Nazarbayev Intellectual school of Astana.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1