Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛАЛАРЫМЫЗҒА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛАЛАРЫМЫЗҒА

БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛАЛАРЫМЫЗҒА

          Түркістан  облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Мақтаарал ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ерекше оқытуды қажет ететін балаларға «1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне» және «Балалар жылына» арналған мерекелік іс-шара өткізді.
         «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын – сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу болған бұл мерекелік іс-шараға «Мадагаскар балалар әлемі» орталығының иесі Аманов Кайыпназар Бакытжанович пен оның ұжымы, жеке кәсіпкер Ишметова Урбігул Уралбаевна демеушілік жасап, балаларға қуаныш сыйлады.
         Мекеме мамандары мен тәрбиеленушілері іс-шараға белсене қатысты. Балалар концерттік бағдарламаға қатысып, өнерлерін көрсетсе, олардың тәрбиешілері шебер ұйымдастырушылық қабілеттерімен көзге түсті.
           Мерекелік шараға қатысқан ата-аналар би билеп, өлең, тақпақ айтып, өнер көрсеткен балаларына ризашылықтарын білдірді және  «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі Абсалямова Ұғылай Ағабекқызы және ұжымы демеушілерге алғыс айта отырып, шаңырақтарына шаттық, отбасыларына амандық, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Акмарал АБДИЕВА,
Түркістан  облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының,
«Мақтаарал ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-нің әдіскері.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1