Мақсаты: Балықтардың түрлерімен, құрлымымен таныстыру. Түр-түсін ажырату. Штамп арқылы сурет салу.
Міндеттері: Сурет салудың дәстүрлі және дәстүрден тыс әдістері арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру. Бояумен жұмыс істеу іскерліктерін жетілдіру, қылқаламмен ирек, түзу, ұзын, қысқа толқынды сызықтар сызуға дағдыландыру. Картоп бастырмасымен жұмыс жасай білуге үйрету. Ұқыпты, нәтижелі жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Бейнені қағаз бетіне орналастыра білуін және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
— Балалар, сендер біздің еліздің қандай теңіз, көл, өзендерді білесіңдер? Фотослайдтарды көрсетіп, атап шығу.
— Павлодар өңірінде ше? Ертіс, Сабындыкөл, Жасыбай.
— Балалар, біз бұл өзенді, көлдерді ластамай таза ұстауымыз керек, қорғауымыз керек. Осы елде тұратын Айсұлу есімді қыз көмек сұрап келіпті бізден. Ертіс өзеніндегі балықтар азайып кетіпті. Оған балықтардың суретін салып беріп, өзенді толтырайықшы, балалар.
Алдымен балықтар туралы бейне таспа көріп алайық.
Бүгінгі балықтарды біз штамп арқылы саламыз. Ең бірінші балықтың денесін дайын штамппен басамыз қағаздың бетіне. Содан кейін қылқаламмен жүзу қанаттарын, көзін саламыз. Су астындағы балдырларды саламыз.
Сергіту сәті:
Балық жүзді таза суда,
Жүзіп, жүзіп шаршағанда,
Бір керіліп, бір жиырылуда
Тығылады тасты құмға.
Дидактикалық ойын.
Сиқырлы қап ойынын ойнаймыз. Қаптың ішінен қолға түскенді алып шығамыз, оның қайда мекендейтінің анықтаймыз. Суда мекендесе аквариумға саламыз. Қалғандарын жерде қалдырамыз.
3.Қорытынды. Балалар салған суреттерін ортаға әкеліп көлдің үстіне бекітеді. Әр бала өзінің жұмысы жайлы айтып береді.
Балалар, Жасыбай батырымыздың көлі балыққа толып, ол сендерге риза болды, рахметін айтады.
Бүгін біз ненің суретін салдық?
Қандай әдіспен салдық?
Сендерге ұнады ма бүгінгі сабақ?
Жасыбай батыр көмектескендерің үшін сендерге балық-магнит сыйлайды.