Жас буынҚоғамМерекелік шара

БАЛА КӨҢІЛДІҢ ГҮЛІ, КӨЗДІҢ НҰРЫ

Қаралым: 36
           2021 жылдың соңында мемлекетіміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 – «Балалар жылы» деп жариялап, оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек екенін айтып, тапсырма берген болатын. Ол да түсінікті себебі, балаларымыз әрқашанда көңілдің гүлі, көздің нұры ғой!
        Президентіміз өз сөзінде өскелең ұрпақтың болашағына мән беріп, жастарға зор үміт артатынын, сондықтан да өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау керегін нақтылап, «Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз»,-деді.
          Міне, содан бері осы салаға жауапты министрлік өкілдері елімізде балаларға арналған бірнеше жобалар әзірленді. Тіпті ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев ҚР Үкіметінің қаулысымен балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін айта отырып, «Олар 7 бөлім бойынша 50 тармақтан тұрады. Атап айтсам, «Білімді бала», «Отбасы — қауіпсіз мекен», «Дені сау бала», «Жетімсіз ел», «Жайлы мекен», «BALA QORǴAÝ», «BALA_TIME.KZ», — деді.
         Осы бағдарламалар аясында елімізде барлық түкпірінде мерекелік іс-шаралар өткізілді және сондай-ақ олар жыл соңына дейін жалғасатын болады. Біздің ауданымызда да балаларға арналған сондай мерекелік шаралар көптеп өткізіліп, бүлдіршіндерімізге шат-шадыман қуаныш көңіл-күй сыйланды.
Гаухар АГАДИЛОВА,
 Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінің Асықата бөлімі архивисті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *