Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АҚШ үкіметі Қазақстанға COVID-19 індетімен күреске қосымша 2,4 миллион доллар бөледі - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » АҚШ үкіметі Қазақстанға COVID-19 індетімен күреске қосымша 2,4 миллион доллар бөледі

АҚШ үкіметі Қазақстанға COVID-19 індетімен күреске қосымша 2,4 миллион доллар бөледі

         18 қазан 2021 жылАҚШ үкіметі, АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) арқылы Қазақстанға COVID-19 індетіне қарсы күресте көмек көрсету мақсатымен 2,4 миллион АҚШ долларын бөлу туралы жариялады. Аталған көмек нақты деректер негізінде вакциналарды енгізу бойынша шешімдер қабылдауға, вакциналар туралы жалған ақпаратқа ден қою бойынша жергілікті әлеуетті дамытуға, COVID-19 нақтылауды жүзеге асыру үшін зертханалық жүйелерді жетілдіруге, сондай-ақ, Қазақстанның вакциналарды пайдалануға дайындығын арттыруға және оларды жеткізу процедураларын жетілдіруге ықпал ететін болады.
          Бұл көмек пандемия басталғаннан бері Covid-19 індетіне қарсы күрес бағдарламасы шеңберінде Қазақстанға жіберілген 6,8 миллион АҚШ долларынан астам мөлшердегі қаржыландыруды толықтыратын болады. Бүгінгі таңда USAID 5000 астам медицина қызметкеріне COVID-19 індетіне байланысты тақырыптар бойынша, соның ішінде аурудың алдын-алу және бақылау, сонымен қатар биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптері бойынша оқытуды ұйымдастырды. Өз қызметінде USAID халықтың хабардарлығын арттыру және жалған ақпаратпен күресу үшін белсенді топтарды жұмылдыру арқылы 8,2 миллионнан астам адамды қамтыды.
           Осындай күш-жігер жұмсаудың негізінде АҚШ өмірді құтқару бойынша ондаған жылдар бойғы еңбек және денсаулық сақтау саласындағы жаһандық дағдарыстарды еңсерудегі жетекші рөлі жатыр. Соңғы 60 жыл барысында USAID миллиондаған адамның өмірін Эбола, АИТВ/ЖИТС, туберкулез, безгек және қазір COVID-19 сияқты аурулардан құтқаруға көмектесті.
         Аурулар шекараны еңсермейді. АҚШ Қазақстанмен бірлесе отырып COVID-19 пандемиясын тоқтату, оның жойқын әлеуметтік және экономикалық салдарын жеңілдету және болашақта аурудың өршуіне қарсы тұруда одан да бетер дайын әлем құру үшін ынтымақтасуға міндеттенеді.
          Биыл АҚШ Өкілдігі Қазақстан үкіметімен ынтымақтастықтың 30 жылдығын атап өтуде. Екі онжылдықтан астам уақыт барысында АҚШ Қазақстанға 2 миллиард доллар, соның ішінде туберкулез бен АИТВ/ЖИТС алдын алу және емдеу сияқты салалардағы денсаулық сақтау бағдарламаларын қолдауға 92,8 миллион доллардан астам қаражат бөлді.
###
        Қазақстандағы және жалпы Орталық Азиядағы USAID бағдарламалары туралы көбірек білу үшін біздің веб-сайтымызға және Facebook желісіндегі парақшамызға кіріңіз және Facebook парақшасына кіріңіз.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1