Ағымдағы жылдың 19 мамырында Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті ғимаратында, пробация қызметтеріне басшылық жасау бөлімінің ұйымдастыруымен – Шымкент қалалық пробация қызметтері бөлімдері есебінде тұрған сотталғандар арасында “Дәстүрлі емес діни ағымдардың салдары” тақырыбында Шымкент қаласы дін істері басқармасы мамандары ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бүгінгі таңда өте өзекті болып отырған мәселеге арналған іс- шара барысында қазіргі таңдағы әлеуметтік желідегі кереғар діни ағымдардың қоғамға, жастарға ерекше әсері, қауіптілігі жайында айтылды. Сондай-ақ, теолог маман еркін форматта өткен кездесу барысында пробациялық есепте тұрғандармен сұрақ-жауап алмасып, сотталған азаматтарды қызықтырған сауалдарға жан-жақты жауап берді әрі олардың өз пікірлерін тыңдады. Соның нәтижесінде осы жиын екі жақ үшін де қызықты болып өтті.